Жаратылыстану және география факультеті |
08.12.2015
Акцияны Жаратылыстану және география Институты директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Н.Т.Манапов кіріспе сөзбен ашты. Сонан соң сөз алған кафедра меңгерушісі, профессор Балғынбеков Ш.А. АИТВ инфекциясының шығу тарихы, қазіргі кезде әлем елдерінде және Қазақстанда таралуы, жұғу жолдары және стигма, дискриминация туралы, оның адам психологиясына әсері, алдын алу және сақтану шаралары жөнінде қызықты слайдтар көрсетіп, баяндап берді. Баяндаманың соңында профессор Балғынбеков Ш.А. қатысушыларды АИТВ-ЖИТС жөніндегі білімдерін арттыруға, осы індеттің алдын алуға және оны жоюға бағытталған ғылыми негізделген заманауи тәсілдерді кеңінен қолдануға шақырды. Акцияға арнайы шақырылған ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Салауатты өмір салтын қалыптастыру Осыдан соң Ұлттық Орталықтың педагог-маманы Оразалиева Б.С., қатысушы студент жастармен интерактивті түрде қызу пікір алмасу өткізді. Пікір алмасу кезінде біздің университетте білім алушы жастардың ғасыр дерті туралы жан-жақты ақпараты бар екендігі анық көрінді.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|