қазақша · русский · english
 
 
 
25.11.2019

Алматы қаласының таза ауасы


2019 жылдың 21 қарашасында География, Экология және Туризм кафедрасы және «Алматы қаласының таза ауасы» Азаматтық Бастамасы тобының ұйымдастыруымен «Алматы қаласының таза ауасы» қалалық экологиялық конференциясы өтті. Бұл конференция Абай атындағы ҚазҰПУ-да өткізілді.

 

Конференция спикерлері Алматыдағы ауаны тазартудың мүмкіндіктері мен болашағы туралы баяндамалар жасады. Конференция келесі секциялар бойынша өтті:

- автокөлік құралдарымен ауаны ластауға қарсы күрес;
- Алматы ЖЭО шығарындыларын азайту тәсілдері;
- жеке секторды газдандыру проблемалары;
- қала құрылысы саясаты және оның ауаның ластануына әсері;
- Алматыдағы атмосфераның жай-күйін және ауаның ластануының медициналық салдарын талдау.

 

Конференцияның қорытындысы бойынша оған қатысушылар жергілікті билік органдарына талаптар мен ұсыныстар, сондай-ақ Алматы қаласының ауасын тазартуда оң нәтижелерге қол жеткізу үшін қабылдануы тиіс шаралар туралы Декларация қабылдады.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу