қазақша · русский · english
 
 
 
14.02.2020

Ашық сабақ аясында шеберлік сынып өтті


2020 жылдың 12 ақпанында Өнер, мәдениет және спорт институтты «Көркем білім беру» кафедрасының доценті Мәлік Қайдаров «Станокті кескіндеме» мамандығының 1 курс 13-1 топ студенттеріне «Портрет жазудағы алла-прима тәсілі» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді.


Ашық сабаққа кафедраның ОПҚ мен оқу бөлімінің комиссия мүшелері қатысты. Сабақтың негізгі мақсаты, шәкірттерге Алла-прима тәсілінің орындалуының ерекшелігі мен қыр-сырын жеткізу және адам келбетінің құрлымын шеберлік сынып барысында ашып талдау.


Оқытушы Мәлік Қайдаров әйел бейнесін жылдам уақытта бейнелеп студенттерге өз әдіс-тісілдерін түсіндере отырып іс жүзінде шеберлік сынып көрсетті. Ашық сабақ талапқа сай жоғары деңгейде өтті.

 

   

 

   

 

Көркем білім беру кафедрасы




Кері оралу