қазақша · русский · english
 
 
 
19.02.2020

Ауған жауынгерлерімен кездесу

 

2020 жылдың 18 ақпаны күні Алматы облысы, Ілеа уданындағы К. Әзірбаев атындағы №15 орта мектептің АӘД пәні мұғалімі, 2019 жылы «Бастапқы әскери дайындық» мамандығы бойынша бітіруші түлек Асан Женісовтің басшылығымен және мектеп ұжымының ұйымдастырылуымен «Ауған соғысына қатысқан ардагер сарбаздармен кездесу» патриоттық іс-шара өткізілді. Оған ҚазҰПУ-дың «Бастапқы әскери дайындық» кафедрасының меңгерушісі Сайлаубек Тәукейұлы, осы кафедраның доценті Роза Нарибай, кафедра магистрі Әділ Байғалиев және студенттер қатысты.

 

Кафедра меңгерушісі Сайлаубек Тәукейұлы бұл кездесудің өскелең ұрпаққа Отанға, туған жерге, елге деген сүйіспеншілік пен құрметке бөленетін патриоттық маңызы зор екенін атап өтті. Кездесу барысында мектеп директоры Салтанат Бектұрғановамен бөлім мен мектеп арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

 

   

 

   




Кері оралу