қазақша · русский · english
 
 
 
24.02.2020

Абай университетінің студенті джиу-джитсу бойынша халықаралық жарыстардың жеңімпазы атанды

 

2020 жылдың 22-23 ақпан аралығында Қырғыз Республикасының Бішкек қаласында джиу-джитсудан «IKJJF PRO champion» халықаралық жарыс өтті.


Жарысқа барлығы 35 мемлекеттен қатысты. Қазақстан құрамасынан қатысқан барлық балуандар жеңіс тұғырынан көрініп, ел намысын абыроймен қорғады. Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсеткен Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 2 курс студенті Бекмұрат Нұртуған 76 кг салмақта өнер көрсетіп жарыстың жеңімпазы болды.

 

   




Кері оралу