қазақша · русский · english
 
 
 
25.02.2020

«Абай шығармашылығының желісімен» тақырыбында қалалық сурет байқауы

 

2020 жылдың 22 ақпанында Өнер, мәднеиет және спорт институтында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Көркем білім» кафедрасының меңгерушісі Ержан Рысымбетов пен профессор Серғазы Жаманқараевтің ұйымдастырумен «Абай шығармашылығының желісімен» тақырыбындағы қалалық оқушылардың сурет байқауы өтті.

 

Байқау барысында Көркем білім беру кафедрасының оқытушысы Құрманғазы Ақашев оқушыларға кескіндеме бойынша шеберлік сынып көрсетті. Қазылар алқасының шешімі бойынша ең жоғары деңгейде өткізілген байқаудың үздік қатысушылары марапатталды. Байқаудың мақсаты-Алматы қаласы мен институт арасындағы іскерлік және шығармашылық қарым-қатынасты дамыту.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

Көркем білім беру кафедрасы




Кері оралу