қазақша · русский · english
 
 
 
28.02.2020

«Ханшайым мен ханзада -2020» байқауы

 

2020 жылдың ақпаны айының сонғы күндерінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «5В010600 - Музыкалық білім» мамандығының 2 курс студенттері қатысқан кезекті «Ханшайыммен ханзада» байқауы өтті. Байқауға Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Қазақ жетекші сәулет-құрылыс академиясы, «Bittle production» оқу орталығының студенттері қатысты.

 

Іс-шараға 6 жұп қатысты, олар өздерінің ғылыми, музыкалық және танымдық білімдерін,дағдылар мен қабілеттерін көрсетті.

 

Сайыс төрт кезеңнен тұрды:

- сәлемдесу (бейнеролік, өлең, диалог, ән);
- театрландырылған қойылым;
- қазақтың салт-дәстүрлерін білуге арналған сұрақтар-жауаптар.


Мұндай іс-шаралар университеттер арасында жақсы қарым-қатынас орнатады және студенттердің бір-бірімен достық қарым-қатынасын нығайтады.

 

Қазылар алқасының құрамына Алматы қаласындағы түрлі жоғары оқу орындары мен мектептердің өкілдері кірді: Орталық музыкалық жүйенің «Музыкалық білім және психология» кафедрасының меңгерушісі Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, педагогика ғылымдарының кандидаты, өнер тарихы кафедрасының профессоры - Лайла Калиакпарова (қазылар алқасының төрағасы); Абай атындағы ҚазҰПУ-дың оқытушысы, магистр Наурыз Кулданов, Құрманғазы атындағы ҰҚК-нің «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар» кафедрасының оқытушысы - Каршига Дандагариев және басқалар.

 

Сайысқа біздің университет атынан Өнер, мәдениет және спорт институтының «Музыкалық білім және хореография» кафедрасының студенттері қатысты, екі жұптан тұратын қатысушыларымыз жүлделі орындарға ие болды:

1 жұп: Слямгалиев Дәуірбек және Серғазина Назерке- 3 дәрежелі Диплом;

2 жұп: Амангелдиев Руслан және Батырбекова Ұлпан- 1 дәрежелі Диплом.

 

Жұптар сайысы жиналған көптің және қазылар алқасының көңілінен шығып, жоғары деңгейде өтті.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу