қазақша · русский · english
 
 
 
26.05.2020

«Талапкер-2020» Республикалық онлайн кәсіби бағдар беру жұмысы ұйымдастырылды


2020 жылдың 21 мамырында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Өнер, мәдениет және спорт институты 2020-2021 оқу жылына қабылдау үшін талапкерлерге арнап онлайн ашық есік күнін өткізді.


Онлайн кездесуде спикерлер - Өнер, мәдениет және спорт институтының директоры Тоққожа Қожағұлов, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Зоя Рабилова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Еркін Қайшыбек, директордың ғылыми істер және халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасары Ақмарал Сманова және институт мамандықтарына оқуға құжаттар қабылдау бөлімінің жауапты тұлғасы Кымбат Ибраева слайдтар арқылы талапкерлерге емтихан тапсыру, оқуға құжаттар қабылдау талаптарын, жеңілдіктері мен оқу мүмкіндіктерін толыққанды таныстырып, өзара пікір алмасты. Сонымен қатар, талапкерлердің сұрақтарына нақтылы жауаптар беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 

   

 

   

 

   

 

 




Кері оралу