қазақша · русский · english
 
 
 
01.03.2021

Тоғызұмалақтан жарыс өткізілді

 

2021 жылдың 27 ақпанында Өнер, мәдениет және спорт институты «Абайдың сүйікті ойыны - тоғызқұмалақ» деген атпен қазақтың ұлттық ойынынан жарыс өткізілді.

 

Бұл жарыс институттың 1 курс студенттерінің арасында ұйымдастырылды.

 

Жарысты институтымыздың директоры  Т.М.Қожағұлов, «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының меңгерушісі Е.М.Мухидинов жарысқа қатысушы 1 курс студенттеріне құттықтау сөз сөйлеп, сәттілік тіледі.

 

Жарыстың  нәтижесін тоғызқұмалақ ойынының бас төрешісі Иралина Мира жариялап, жеңімпаздарға мақтау қағаздарын табыстады.

 

1-ші орынды «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 1 курс студенті Қуатова Аружан иеленді;

2-ші орынды «Бастапқы әскер дайындық» мамандығының 1 курс студенті Нұрбайұлы Аманқос иеленді;

3-ші орынды «Бастапқы әскер дайындық» мамандығының 1 курс студенті Ілияс Әмір иеленіп, жеңіпаздар өзара бөлісіп алды.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу