қазақша · русский · english
 
 
 
06.04.2021

Шетелдік жоғары оқу орындарына түсу жолдары мен оқыту жүйесі

 

2021 жылы 3 сәуірде Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Ғылым айы аясында Өнер, мәдениет және спорт институтының ұйымдастыруымен «Көркем білім» кафедрасының оқытушысы PhD доктор Байқұт Кәрім «Шетелдік ЖОО түсу жолдары мен оқыту жүйесі. (Түркия, Еуропа, АҚШ және т.б. мемлекеттері мысалы ретінде, шетелдік тәжірибе, докторлық диссертацияның жазылу мен зерттеу жүйесі, гранттар, жобаларды жасау мен ұйымдастыру)» тақырыбында онлайн-конференция өткізілді.

 

Онлайн-конференция аясында әлемнің дамыған мемлекеттердегі шәкіртақылар мен гранттарға қатысты ақпараттар айтылды. Грант пен шәкіртақы түрлеріне қалай тапсыруға болады және оны ұтып алу жолдары жөнінде сөз қозғалды. Сонымен қатар оқытушы Кәрім Байқұт қазіргі таңдағы зерттеуші, шетелдік тәжірибесін қалай жүргізу керек, докторлық диссертация мен жобалық зерттеулер қалай жасалынады мәселелеріне қатысты толығымен тоқталып өтті. Онлайн-конференцияға қатысушылардың сұрақтары мен жауаптары тыңдалынып, жан жақты қарастырылды.

 

   

 

   

 




Кері оралу