қазақша · русский · english
 
 
 
28.04.2021

Колледж студенттеріне кәсіби бағдар беру жұмысы ұйымдастырылды


2021 жылғы 28 сәуірде Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Өнер, мәдениет және спорт институты «Көркем білім беру» кафедрасы 2021-2022 оқу жылына білім алушыларды қабылдау үшін Талдықорған гуманитарлық - техникалық колледжінің «Дизайн» мамандығының бітіруші студенттеріне арнап онлайн режимінде ақпарат беру вебинарын өткізді.

 

Онлайн-кездесуді ұйымдастырушылар ӨМжСИ «Көркем білім беру» кафедрасының оқытушылары Жаманқараев Серғазы, Бекова Гүлнар, Асембайұлы Ерлан, Ырыстанұлы Базар слайдтар арқылы талапкерлерге емтихан тапсыру, оқуға құжаттар қабылдау талаптарын, жеңілдіктері мен оқу мүмкіндіктерін толыққанды таныстырып, өзара пікір алмасты. Сонымен қатар, талапкерлердің сұрақтарына нақты жауаптар беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 

   

 

   

 

 

 




Кері оралу