қазақша · русский · english
 
 
 
28.09.2021

«Бабалар Аманаты-2,3» кітабының тұсаукесері

 

2021 жылдың 24 қыркүйегінде Абай атындағы ҚазҰПУ-да кәсіби суретшілер мен бейнелеу өнері мұғалімдерінің шығармалары енген «Бабалар аманаты-2,3» кітабының тұсаукесері өтті.

 

Кітап белгілі ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына және көрнекті ағартушы, педагог, этнограф және қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай жарық көрді.

 

Іс-шараға Абай атындағы ҚазҰПУ Өнер, мәдениет және спорт институтының директоры Қожағұлов Тоққожа, қоғам қайраткері, «Мұқағали» қоғамдық қорының директоры Мақатаев Жұлдыз, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, профессор Қайрамбаев Жұмақын қатысты.

 

Кітаптың тұсаукесерін Абай атындағы ҚазҰПУ түлектер қауымдастығы орталығының директоры Болатбек Нұрбатыров және профессор Раушан Қанапиянова ұйымдастырды.

 

   

 

   

 




Кері оралу