қазақша · русский · english
 
 
 
04.04.2022

Наурыз - көктем мерекесі және табиғаттың жаңаруы


2022 жылдың 1 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ-да ежелгі заманнан бері бүкіл мұсылман әлемі атап өтетін Ұлы Наурыз мерекесі өтті. Іс-шараға Өнер, мәдениет және спорт институтының «Көркем білім» және «Дизайн» кафедралары белсенді қатысты. Орнатылған киіз үйлер бір-бірінен әдемі және ішкі безендірілуімен ерекшеленді. Олардың алдында үстелдерде халық шеберлерінің түрлі бұйымдары, музыкалық аспаптар ұсынылды. Қонақтар Наурыз көжеден дәм татты.

 

Университет ректоры Дархан Біләлов құттықтау сөз сөйлеп, барлық қатысушыларды мерекемен құттықтап, оларға денсаулық, бақыт, амандық және табыс тіледі.

 

Атақты әншілер мен театр әртістері көрермендерді өз өнерімен қуантты, сондай-ақ Абайдың Қара сөздерімен безендірілген көркем сахналық туынды шырқалды.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ түлектері әнші Гүлмира Ақүрпекова, дизайнер Құралай Нұрқаділова және т.б. туған ЖОО ұжымын құттықтап, оқытушылар мен студенттерге шынайы тілектерін білдірді. Көктем мерекесі мен табиғаттың жаңаруы өте қызықты өтті.

 

   

 

   

 




Кері оралу