қазақша · русский · english
 
 
 
08.04.2022

Белгілі суретшінің шеберлік сабағы

 

2022 жылдың 7 сәуірінде ҚазҰПУ Өнер, мәдениет және спорт институтының көркем білім кафедрасында. Абайдың портрет жанры бойынша белгілі қытайлық суретші Түсіпхан Ұлыпқанұлының шеберлік сабағы өтті. Ол-ҚХР Суретшілер Одағының мүшесі, ШҰАА Суретшілер Одағы төрағасының орынбасары, ҚХР бірінші дәрежелі мемлекеттік суретшісі, халықаралық көрмелердің жеңімпазы. Этникалық қазақ Қытай Халық Республикасының Қабан ауданында дүниеге келген.

 

Көркемдік білім кафедрасының меңгерушісі Ерлан Әсембай студенттерге суретші туралы толық ақпарат беріп, Абай атындағы ҚазҰПУ академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің директоры Хайрулла Жанбековке аталған іс-шараны ұйымдастыруға және өткізуге көмек көрсеткені үшін алғыс білдірді. Мастер-класс университет студенттері мен оқытушылары арасында үлкен қызығушылық тудырды.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу