қазақша · русский · english
 
 
 
13.04.2022

«Әлем балалар көзімен» көрмесі


2022 жылдың 12 сәуірінде Абай университетіжанындағы Алматы қаласы Білім басқармасының МКҚК «Өнер мектебі» Өнер, мәдениет және спорт институтының көркем білім кафедрасында «Әлем балалар көзімен» көрмесінің ашылуы өтті. Іс-шара университеттің Ғылым онкүндігі аясында ұйымдастырылды.

 

Өнер мектебін көрменің ашылуымен құттықтап, болашақ жоспарларымен бөліскен ӨМСИ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Рахат Берікбол қатысушыларға жылы лебізін білдірді. Өнер мектебінің директоры Дания Айтбаева институт басшылығымен оқытушыларына алғысын білдіріп, алдағы уақытта да ынтымақтасуға тілектестігін білдірді. Көркем білім беру кафедрасының оқытушысы, профессор Серғазы Жаманқараев жас таланттарды осы оқиғамен құттықтап, жаңа шығармашылық табыстар тілеп, дипломдар табыс етті. Көрме көпшіліктің қызығушылығын тудырды.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу