қазақша · русский · english
 
 
 
30.03.2017

17.03.2017ж. Абай атындағы ҚазҰПУ-де Өнер, мәдениет және спорт институтында Б.Байжігітов атындағы дәрісханасында философия ғылымдарының докторы, профессор, атақты суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, ұстаз, өнертанушы[Болат Кесекқалиұлы Байжігітовті] еске алуға арналған шығармашылық кездесу өткізілді. 

Бұл іс шараны қолға алған Бөкеңнің жары Назым Қабиевна Байжігітова мен шәкірті Қабыл Халықов (филос. ғыл-ң докторы, Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ң ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры) ұйымдастыруымен өтті. 

Қазақстанның жоғары оқу орындарынан (әль-Фараби атындағы ҚазҰУ, Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА, ҚазМемҚызПУ т.б.), Қазақстан Суретшілер одағынан атақты ғалымдар, белгілі тұлғалар, танымал суретшілер қатысты.  Қонақтардың арасында: Қамақ Әбдікәрім, Тұрсын Ғабитов, Мұрат Сәбит, Тоқтар Бейсенбинов, Абай Орынбаев, Альбина Наурызбаева және әріптестер мен шәкірттері  - Сәнгүл Қаржаубаева, Берістен Жанарбек, Қалдыгүл Оразқұлова, Әнуарбек Нақысбеков, Темірхан Ордабеков, Рамазан Мизанбаев, Серғазы Жаманқараев т.б. болды.

Осы күні «Әсемдік әлеміне саяхат...» атты жинақтың тұсауы кесілді. Бұл жинақта, профессор [Болат Байжігітов] туралы естеліктер мен арнаулар, сондай-ақ әріптестері мен шәкірттері, қызметтестері және замандастарының жылы лебіздері жинақталып, шығарылды.   




Кері оралу