қазақша · русский · english
 
 
 
09.11.2022

«Климент Охридский әулие» атындағы София университетінің профессоры Өнер, мәдениет және спорт институтына шақырылды


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылы 19 шілде шыққан №349 «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына оқытушылық қызметке тарту үшін шетелдік ғалымдар санын бөлу жоспарын бекіту туралы» бұйрығы бойынша, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Халықаралық ынтымақтастық және шетелдік профессор оқытушылар құрамын университетке шақырту, тәжірибе алмасу мақсатында Өнер, мәдениет және спорт институты «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасына «Климент Охридский әулие» атындағы София университеті, Білім және өнер ғылымдары факультетінен профессор, доктор Ирен Иорданова Пелтекова келді.


Шетелдік маман 2022 жылдың 07 қараша - 03 желтоқсан аралығында «Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі», «Спорттық жетістіктердегі заманауи технологияны дамыту», «Дене шынықтыру мен спорт мамандығындағы зерттеу жұмыстарын талдау және ғылыми мақалаларды жазу әдістемесі», «Дене шынықтыру мамандығының басқа салалармен интеграциялық байланысы» және т.б. пәндері аясында дәріс оқыса, ал «Мектеп спортын ұйымдастыру және басқару» тақырыбында біліктілікті арттыру курсын институттың профессор-оқытушылар құрамына өтетін болады.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=




Кері оралу