қазақша · русский · english
 
 
 
15.11.2022

«АРТ-черчение» альбомының тұсау кесері


2022 жылғы 12 қарашада Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Өнер, мәдениет және спорт институтының зейнеткері п.ғ.к., қауымдастырылған профессор (м.а) Лапп Галина Витальевна институт түлектерімен және «Көркем білім» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамының қатысуымен «АРТ-черчение» альбомының тұсау кесер рәсімін атап өтті.


Аталмыш іс-шараға институт басшылары мен мектеп мұғалімдері белсенді атсалысып, жоғары оқу орны мен мектеп арасындағы байланысты нығайту жайлы келісімдер жасалды. Көрменің ашылу салтанатына ӨМжСИ директорының ғылыми істер және халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасары Байқұтов Кәрім, көркем білім кафедрасының меңгерушісі Асембайулы Ерлан және кафедраның тәрбие ісіне жауапты Нұрбатыров Болатбек мырза сөз сөйлеп, жетістіктерімен құттықтады. Шара жалғасы мектептерден келген «Көркем еңбек» пәнінің мұғалімдерінің ілтипаттарымен жалғасын тапты.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=




Кері оралу