қазақша · русский · english
 
 
 
23.12.2022

ҚР Президентінің алғыс хаты


2022 жылғы 21 желтоқсанда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Өнер, мәдениет және спорт институты «Дизайн» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Раушан Канапьянова Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатымен марапатталды.


«Еріктілік пен белсенділіктің үлгісін танытып, көмекке мұқтаж жандарға қамқорлық жасау ісіне белсене атсалысып келесіз. Алдағы уақытта да біліміңіз бен тәжірибеңізді еліміздің өсіп-өркендеуіне аянбай жұмсайтыныңызға кәміл сенемін. Қоғамдық - әлеуметтік маңызы бар іс-шаралардың бастамашысы болып жүргеніңіз үшін Сізге алғысымды білдіремін, Астана, Ақорда, 2022 жыл», - делінген Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Алғыс хатында.

 

  alt=




Кері оралу