қазақша · русский · english
 
 
 
23.01.2023

Спартакиада-2023

 

2023 жылдың 19-21 қаңтар аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде оқытушылар арасында дәстүрлі спартакиадасы өтті. Спартакиадаға 400-ден астам университеттің профессор-оқытушылары мен қызметкерлері қатысты. Іс-шараның басты мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау және университет қызметкерлерін спортқа тарту. Үш күндік жарыста Өнер, мәдениет және спорт институтының командасы бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынды Жаратылыстану және георафия институты және үшінші орынды Математика, физика және информатика институты иеленді. Дене шынықтыру және спорт кафедрасының оқытушылары институт командасының жеңісіне айтарлықтай үлес қосты.


Спартакиада қорытындысы бойынша жүлделі орындарды иеленген командалар арнайы дипломдармен және кубокпен марапатталды. Спартакиаданың үздік төрешілері - дене шынықтыру және спорт кафедрасының оқытушылары Мира Иралина мен Еркін Сайдақов.


Жарыстың жабылу салтанатында университет ректоры Дархан Біләлов спартакиадаға қатысушылар мен жанкүйерлерге алғысын білдірді.

 

  alt=  

 

  alt=




Кері оралу