қазақша · русский · english
 
 
 
09.02.2023

«Қазақ тарихындағы Яссауидің алатын орны» көркемсурет байқауы


2023 жылғы 7 ақпанда Өнер, мәдениет және спорт институтының «Жасампаз» галлереясында Қожа Ахмет Яссауидің 930 жылдығына орай «Қазақ тарихындағы Яссауидің алатын орны» республикалық көркемсурет байқауы өтті. Бұл іс-шараны, арнайы көрмені көркем білім кафедрасы ұйымдастырды.


Іс-шара аясында Алматы қаласының жалпы білім беретін мектептерінің оқушыларына көркем білім кафедрасының профессорлары мен оқытушыларының шеберлік сыныбы өткізілді. Көрменің ашылу салтанатында институт директоры Тайыржан Искаков құттықтау сөз сөйлеп, шара соңында байқаудың үздік қатысушылары - мектеп оқушыларын марапаттады.

 

 

  alt=  

 

  alt=




Кері оралу