қазақша · русский · english
 
 
 
29.06.2017

 

«6М010700 -  Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша магистрлік

диссертацияларының қорғауы өтті 

           23.06.2017ж. Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Өнер, мәдениет және спорт институтының «Бейнелеу өнері және сәндік қолөнері теориясы мен әдістемесі» кафедрасында «6М010700 -  Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша магистрлік диссертациялардың қорғауы өтті. Бітіруші магистранттар С.Д. Айтмұратова, А.К. Дайырбаева, С.Г. Охапова, М.С. Нүрке, А.Б. Досжанова, Б.К. Қыстаубаева  өздерінің ғылыми жұмыстарын қорғады.

          Магистрлік диссертациялар қорғауының МАК төрағасы - п.ғ.д., профессор Г.А. Мұратбаева (ҚазМемҚызПУ).  Комиссия мүшелері: ӨМжС институт директоры п.ғ.д., профессор Н.Е. Исабек, ПиП п.ғ.д., профессор Б.А. Әлмұхамбетов, кафедра меңгерушісі п.ғ.к., қауымд.профессор А.С. Сманова, п.ғ.к., доцент Ш.А. Ақбаева, п.ғ.к., аға оқытушы Р.Х. Қанапьянова, тех.хатшы п.ғ.к., аға оқытушы А.И. Ибрагимов. Сонымен қатар магистрлік диссертациялар қорғауында рецензенттер п.ғ.к., профессор Р.А. Дәрменова (ҚазМеҚызПУ), п.ғ.к., м.а. профессор Н.Б. Рахметова (ҚазМемҚызПУ), п.ғ.к., аға оқытушы  З.Ш. Айдарова және институт ПОҚ-ы қатысты.  

 

 

 

 

 

 

 

 




Кері оралу