қазақша · русский · english
 
 
 
07.02.2025

Қазақ КСР-інің халық суретшісі Нағымбек Нұрмұхаммедовтың 100 жылдығына арналған көрме

 

2025 жылдың 6 ақпанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде қазақтың бейнелеу өнерінде өшпес із қалдырған кескіндемеші, өнертану ғылымдарының кандидаты, Қазақ КСР-інің халық суретшісі Нағымбек Нұрмұхаммедовтің 100 жылдығына орай «Ою-өрнектер мен тігін өнерінің сиқыры – ата-баба мұрасы» атты шығармашылық көрме өтті.

 

Шараға педагогика ғылымдарының докторы, профессор Берікжан Әлмұхамбетов, қызметкерлер Кәсіподақ ұйымының төрағасы Мұхтар Ибраимов, Түлектер қауымдастығының жетекшісі, ҚР Мәдениет саласының үздігі Болатбек Нұрбатыров пен Өнер факультетінің деканы Карим Байгутов қатысты.

 

Айта кетейік, Өнер факультеті мен Түлектер қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен көрмеге университет түлектері Анна Курманбекова мен Камиля Аскаровнаның шығармашылық жұмыстары қойылды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 




Кері оралу