қазақша · русский · english
 
 
 
28.02.2025

Архитектура, дизайн және инженерия колледжінің студенттері Абай университетінде

 

2025 жылдың 26 ақпанында Кәсіптік бағдар беру жұмыстары бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ-ге Архитектура, дизайн және инженерия колледжі «Сәндік қолданбалы өнер» мамандығының бітіруші түлектері келіп, университет қызметкерлері студенттерді оқу орнымен таныстырды. 

 

Кездесуде Өнер факультеті тәрбие ісі жөніндегі деканның орынбасары Айдын Қожагулов, дизайн кафедрасының меңгерушісі Жазира Стамбекова және кафедраның магистр оқытушысы Айғали Султангубиев студенттерге Өнер факультеті туралы толық ақпараттар берді.

 

Студенттер сондай-ақ шеберханаларды аралап, кафедра ұстаздармен жүздесті. Оқытушылар - Атамкулов Б., Аденова Л., Манасов Б.А., Жанасылов Т., Айыпканова Н.А. сәндік қолданбалы өнер бағытында студенттердің шығармашылық жұмыстарымен таныстырып,  оқу барысын түсіндірді.

 

Кәсіби бағдар беру жұмысы барысында студенттер университет мұражайына барып бітіруші түлектердің жұмыстарын көрді. Мұражай жетекшісі Еркін Қайшыбеков колледж білім алушыларына университет тарихы туралы айтып, сәндік қолданбалы өнер бағытында жасалған жұмыстарды көрсетті. 

 

Абай университетінің Өнер факультетіне, мұражайға жасалған саяхат келушілердің көңілінен шықты. Олар болашақта осында оқуға түсуге ниеттері бар екенін айтып, көкейдегі сұрақтарына толық жауап алды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу