Өнер факультеті |
12.03.2025
Абай университетінің оқытушысы ұлттық өнерді халықаралық деңгейде насихаттады 2025 жылдың 5-7 наурызы аралығында Түркияның Ыстанбұл қаласында «Мата, жібек, киім әшекейлері» халықаралық көрмесі өтті. Бұл ауқымды шараға әлемнің 50-ге жуық елінен шеберлер мен дизайнерлер жиналды.
Көрмеге Қазақстандық этнодизайнерлер одағының мүшесі, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың аға оқытушысы, өнер магистрі Ляззат Аденова қатысып, ұлттық өнерімізді халықаралық деңгейде насихаттады. Көрме аясында этнодизайнерлер өз жұмыстарын, жетістіктерін таныстырып, Қазақстандық этнодизайнерлердің ұлттық нақыштағы киімдері мен қолөнер бұйымдары көпшілік назарына ұсынылды.
Шараға Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев арнайы қатысып, ресми кездесу барысында қазақ халқының қолөнері, бейнелеу өнері және ұлттық киім мәдениеті туралы кеңінен әңгімеледі. Сондай-ақ, төл өнеріміздің терең тарихы мен маңыздылығына ерекше тоқталды. Кездесу соңында Сұлтан Раевқа қазақ халқының ұлттық өнерін насихаттау мақсатында арнайы кәдесыйлар тарту етілді. Сонымен қатар, көрмеге қатысқан этнодизайнерлер мен қолөнер шеберлері арнайы сертификаттар және алғыс хаттармен марапатталды.
Бұл шара қазақ ұлттық өнерін әлемдік деңгейде танытуға үлкен мүмкіндік берді. Көрме барысында жаңа серіктестермен іскерлік байланыстар орнатылып, қазақ халқының мәдени мұрасын халықаралық аренада дәріптеуге тағы бір маңызды қадам жасалды. Алдағы уақытта да төл мәдениетімізді әлемдік деңгейде насихаттау жалғасын табады.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|