қазақша · русский · english
 
 
 
28.03.2025

Өнер факультетінің студенттері XVII Республикалық пәндік олимпиадада жүлделі III орыннан көрінді

 

2025 жылғы 26-27 наурызда Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттері арасында B028 «Хореография» білім беру бағдарламалары тобы бойынша XVII Республикалық пәндік олимпиада өтті.

 

Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясында ұйымдастырылған олимпиадаға Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті Өнер факультетіндегі «Хореография» мамандығының 3, 4 курс студенттерінен құралған «Абай жолы» қатысты.


Нәтижесінде команда мүшелері Амина Индершиева, Анель Есниязова, Жаннұр Қоғам, Дильназ Мақсатова қатысқан топ жүлделі III орынды иеленді.

 

Айта кетейік жоғары деңгейде ұйымдастырылған олимпиаданың қатысушылары хореография саласындағы білімдері мен тәжірибелерін кеңейтіп, жаңа биік белестерді бағындыру мүмкіндігіне ие болды. Ал іс-шараның қазылар алқасы студенттердің ерекше қабілеттерін, шығармашылық ойлау қабілеттерін және кәсіби дағдыларын жоғары бағалады.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу