қазақша · русский · english
 
 
 
09.04.2025

Абай атындағы ҚазҰПУ мен Құрманғазы атындағы ҚазҰК-ның студенттері мен қызметкерлері арасында волейболдан жолдастық кездесу өтті


2025 жылғы 5 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Өнер факультеті мен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері мен қызметкерлері арасында волейболдан жолдастық кездесу ұйымдастырылды. Іс-шара Ұлы Абайдың 180 жылдығы, Ұлы Жеңістің 80 жылдығы және Қазақстан Республикасы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған мерекелік шаралар аясында өтті.

 

Кездесуге қатысқан студенттер мен қызметкерлер өнер мен спортты қатар алып, тартысты ойын көрсетті. Нәтижесінде Өнер факультетінің студенттері 1-ші және 2-ші орындарды иеленді.

 

Үздік ойын көрсеткен студенттерімізге алғыс айтып, волейбол командасының барлық мүшелеріне жоғары деңгейде ойын өрнегін көрсеткені үшін ризашылығымызды білдіреміз.

 

Іс-шараның қорытындысы бойынша қатысушылар мен ұйымдастырушылар арасындағы ынтымақтастықтың нығаюы мен спорттық рухтың артқаны байқалды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу