Өнер факультеті |
10.04.2025
Ғылыми зерттеу жұмысын жүргізудің теориясы мен практикасы 2025 жылдың 9 сәуірінде Ғылым апталығы аясында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Өнер факультеті Дизайн кафедарсының профессоры, п.ғ.к., «Ғылыми зерттеу жұмысын жүргізудің теориясы мен практикасы» тақырыбында студенттер мен магистранттарға арналған ғылыми семинар өткізді.
Ғылыми семинарға факультет профессорлық-оқытушылар құрамы және студенттер мен магистранттар қатысты.
Ақмарал Смаилқызы ғылыми зерттеу жұмысын қол жеткізген білімдерді кеңейту және жаңа білімдер алу, ғылыми зерттелген еңбектерге ізденістер табиғат пен қоғамда көрініс табатын заңдылықтарды анықтау, жобаларды ғылыми тұрғыда жинақтап қорытындылау, ғылымды негіздеу мақсатындағы зерттеулер, тәжірибелер жүргізумен, ғылыми ізденістермен байланысты ғылыми сипаттағы жұмыстар мен талдамалардың маңыздылығын атап өтті.
Ғылыми семинар барысында ғылым саласында қолданылып жүрген заманауи зерттеу әдістері кеңінен қарастырылды. Атап айтқанда: - Ғылыми зерттеу жұмысының түрлері; - Студенттер ғылыми-практикалық конференциясына реферат дайындап, қорғаудағы ғылыми зерттеу жұмысы; - Ғылыми педагогикалық зерттеудің теориясы; - ҒЗЖ жүргізудің ережелері мен этикасы.
Аталған тәсілдер студенттердің білімін тереңдетіп қана қоймай, олардың зерттеушілік құзыреттіліктерін, сыни ойлауын және шығармашылық дағдыларын дамытуға ықпал етеді.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|