қазақша · русский · english
 
 
 
11.04.2025

Принтмедия саласындағы заманауи технологиялар


2025 жылдың 10 сәуірінде Ғылым апталығы аясында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Өнер факультеті Дизайн кафедарсының меңгерушісі философия докторы (PhD) Стамбекова Жазира Курмангалиевнаның және х.ғ.к., доцент Ибраева Жанар Ершатовнаның ұйымдастыруымен «Принтмедия саласындағы заманауи технологиялар» тақырыбында студенттер мен магистранттарға арналған шеберлік сынып өткізді. Шеберлік сыныпқа «АRNAU Print» баспаханасының директоры Сәкен Оралбекұлы арнайы шақыртылды.

 

Шеберлік сыныпқа факультет профессорлық-оқытушылар құрамы және студенттер мен магистранттар қатысты.

 

Сәкен Оралбекұлы өзінің баспаханасының құрылымымен, шығаратын полиграфиялық өнім түрлерімен және баспа жабдықтарымен таныстырып өтті. Сонымен «BI GROUP», «ALLUR AUTO», «KNAUFF», «SENSATA GROUP» атты ірі компаниялармен серіктестікте табысты жұмыс жасап жатқындықтарын баяндады. Сөз соңында, қатысушылармен пікір алмасып, сұрақтарына жауап берді. Белсенділік танытқан қатысушыларға «АRNAU Print» баспаханасының брендтік өнімдерінен сыйлықтар ұсынды.

 

Мұндай танымдық іс-шаралар студенттерге болашақ мамандықтарын танып білуге және жеке кәсіп ашуға деген қызығушылықтарын дамытуға ықпал етеді.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу