қазақша · русский · english
 
 
 
18.04.2025

Шеберліктің 75 шыңы


"ҒЫЛЫМ АПТАЛЫҒЫ - 2025" аясында ұйымдастырылған, халық музыка аспаптарын жасаушы, Қазақстанның белгілі шебері, ҚР «Мәдениет қайраткері», «Еңбек даңқы» орденінің иегері, профессор Жолаушы Тұрдығұловтың 75 жылдық мерейтойына арналған «Шеберлік шыңында» атты шығармашылық кеші өтті. Бұл тек бір тұлғаның мерейтойы ғана емес, сонымен қатар ұлттық өнердің, ғылым мен мәдениеттің тоғысқан сәті. Бұл кеш - қазақ халқының музыкалық мұрасын сақтауға, дамытуға және жаңа ұрпаққа жеткізуге өлшеусіз үлес қосқан тұлғаға деген терең тағзым. Оның қолынан шыққан әрбір аспап - жанды туынды, ғасырлар қойнауынан жеткен үн, ұлттық рухтың көрінісі.

 

"Шеберлік шыңында" атты кеш - Жолаушы Тұрдығұловтың өмірі мен шығармашылығына арналған саяхат. Кеш барысында шебердің қолынан шыққан аспаптардың көрмесі, оның шәкірттерінің өнері, шебер туралы естеліктер мен құттықтаулар орын алады. Бұл шара - жас ұрпақты ұлттық өнерге баулуға, олардың бойында патриоттық сезімді оятуға, дәстүрлі мәдениетті қадірлеуге шақыратын рухани шара.

 

"Ғылым апталығы" аясында өткізілген бұл кештің маңызы зор. Өйткені ол ғылым мен өнердің бір-бірімен тығыз байланысты екенін, ғылыми зерттеулердің өнердің дамуына, ал өнердің ғылымның жаңа жетістіктеріне шабыт беретінін көрсетеді. Жолаушы Тұрдығұловтың еңбегі - осының дәлелі. Оның аспап жасау технологиясын ғылыми тұрғыда зерттеуі - болашақ ұрпақ үшін үлкен мұра.

 

  alt=  




Кері оралу