қазақша · русский · english
 
 
 
18.04.2025

«Полиграфия және білім: жаңа көкжиектер» форсайт-сессиясы

 

2025 жылдың 15 сәуірінде Қазақстандағы Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Принтмедиа технологиялар колледжі» ҚМҚК Алматы қаласының ҚББЖТҒО ТжКБ бөлімімен бірлесіп, «Полиграфия және білім: жаңа көкжиектер» форсайт-сессиясын өткізді. Бұл іс-шара полиграфия саласының болашағы, сала үшін кадр даярлау мәселелері, сондай-ақ білім беру ұйымдары мен жұмыс берушілер арасындағы ынтымақтастық стратегияларын талқылауға бағытталған.

 

Форсайт-сессияның мақсаты - «Полиграфиялық және қаптама өндірісі» бағыты бойынша кәсіптік-техникалық білім берудің қысқа, орта және ұзақ мерзімді даму перспективаларын айқындау, сондай-ақ салаға инновацияларды енгізу бойынша нақты қадамдарды анықтау.

 

Форсайт-сессияға қатысушылар: ТжКБ бөлімі, Алматы қ. ҚББЖТҒО өкілдері, БАҚ, Алматы қаласының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, колледждер мен университеттер, жұмыс берушілер мен тәуелсіз қоғамдық ұйымдар, полиграфия саласындағы сарапшылар.

 

Қатысушылар пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісіп, еңбек нарығының қазіргі талаптарына сәйкес мамандарды даярлау сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар енгізді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу