қазақша · русский · english
 
 
 
24.04.2025

Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған «Атадан мұра» танымдық лекция-концерті


2025 жылдың 22 сәуірінде Нұрғиса Тілендиев атындағы қазақ ұлттық консерваториясында Ербол Үсенбаевтың «Атадан мұра» атты танымдық лекция-концерті өтті. Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған іс-шара көрнекті композитордың қазақ мәдениетіне, музыкасына қосқан үлкен үлесін, шығармашылығының терең мәнін және ұрпаққа қалдырған мұрасын жаңа қырынан танытуға бағытталған.


Кеште Нұрғиса ағамыздың композиторлық болмысы мен күйшілік қолтаңбасы кеңінен көрсетілді. Кеш қонақтары - ҚР Мәдениет саласының үздігі С.Құдайбергенова, Н. Сәлімхан, А. Әбіл, Қ. Бәйдібек, М. Жасаңбаев, Н. Кузенбаев болып, кеш барысында ҚР Халық артисі Айгүл Үлкенбаеваның домбырашылар ансамблі өнер көрсетті.


Бұл концерт қазақ өнерінің өкілдері үшін аса маңызды болды, себебі Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы - еліміздің мәдени мұрасын ұлықтау, өткенді құрметтеу және болашақ ұрпаққа жеткізу жолында үлкен белес.

 

Осы орайда Абай атындағы ҚазҰПУ Өнер факультеті музыкалық білім және хореография кафедрасының бұл шараға қатысуы зор мәртебе әрі үлкен жауапкершілік.

 

Концерттің шарықтау шегі - Өнер факультетінің «А-BLUES» вокалды аспапты ансамблі мен факультет студенттерінің концертке белсенді қатысып, өнерлерін ортаға салуы болды. Олар өз репертуарымен Нұрғиса Тілендиевтің шығармаларын жаңа тұжырымда жеткізіп, тыңдаушыларға ерекше әсер қалдырды. Ансамбльдің жетекшісі, ҚазҰПУ докторанты Нұрлан Касимов, сондай-ақ концертті ҚазҰПУ докторанты Қанат Әмірханов жоғары деңгейде жүргізді.


Бұл кеш тек қана Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығына арналған еске алу емес, сонымен қатар қазақ өнерінің терең мағынасын ашатын, әрбір қазақ үшін маңызды әрі ұмытылмас мәдени оқиға болды.

 

  alt=  


  alt=  


  alt=  





Кері оралу