Өнер факультеті |
28.04.2025
Өнерім менің – өмірім 2025 жылғы 11 сәуірде Жетісу облысы, Кербұлақ ауданы, Қарашоқы ауылының «Бал дәурен» балалар шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен аталған ауылдың түлегі, Абай атындығы ҚазҰПУ Өнер факультеті музыкалық білім және хореография кафедрасының аға оқытушысы, ҚР мәдениет қайраткері, Кербұлақ ауданының «Құрметті азаматы», дирижер, композитор Самат Мәлімбайдың «Өнерім менің - өмірім» атты ауыл тұрғындары және мектеп оқушыларымен кездесу кеші өтті.
Кеш ауылдық мәдениет үйінде ұйымдастырылды. Кешті Қарашоқы ауылының әкімі Дина Ақбасова салтанатты түрде ашты. Кеш барысынды Самат Мәлімбайдың өмірбаянынан бейне көріністер көрсетіліп шығармашылық жолы таныстырылды. Автор өзінің өнер жолындағы ұстаздары, қызмет еткен шығармашылық ұжымы, шығармалары жайлы әңгімелеп, күй орындады.
Кеш барысында мектеп оқушылары Самат Мәлімбайдың авторлық әндерінен шағын концерт көрсетті. Кеш соңында ауыл тұрғындары атынан автордың иығына шапан жауып, гүл шоқтарын сыйлады. Кеш соңында Самат Мәлімбай оқушыларға бата беріп, әсерлі кеш үшін өз алғысын айтты.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|