Өнер факультеті |
29.04.2025
Ұстаз ұлағаты 2025 жылғы 24 сәуірде Талғар ауданы Ават ауылының Омар Мұхамади атындағы орта мектебінде Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына арналған Абай атындығы ҚазҰПУ Өнер факультеті музыкалық білім және хореография кафедрасының аға оқытушысы, ҚР мәдениет қайраткері, Кербұлақ ауданының «Құрметті азаматы», дирижер, композитор Мәлімбай Самат Түгелбайұлымен «Ұстаз ұлағаты» атты мектеп ұстаздары мен оқушыларының кездесу кеші өтті.
Кеш аталған мектептің мәжіліс залында ұйымдастырылды. Кешті мектеп директоры Секлибаева Гүлім Нақысбекқызы салтанатты түрде ашты. Кеш барысынды Нұрғиса Тілендиевтің өмірбаянынан деректі фильмдер, музыкасын жазған кинофильмдерден үзінділер көрсетілді, Самат Түгелбайұлының өмірбаянынан бейнекөріністер көрсетіліп шығармашылық жолы таныстырылды. Автор өзінің өнер жолындағы ұстазы туралы көптеген естелік әңгімелер айтып, күйлерін шертіп берді. Қызмет еткен шығармашылық ұжымдары, өзінің шығармалары жайлы әңгімелеп беріп, көрермендердің сұрақтарына жауап берді. Мектеп оқушылары Нұрғиса Тілендиевтің әндерінен, күйлерінен шағын концерт көрсетті. Кешке Абай атындағы ҚазҰПУ-дің музыкалық білім және хореография кафедрасының аға оқытушысы, өнертау ғылымдарының кандидаты Ербол Үсенбаев қатысып, Тілендиев жайлы естеліктерімен бөлісіп күйлерін шертіп берді. Кеш соңында Самат Түгелбайұлының иығына шапан жабылып, қонақтарға гүл шоқтары сыйланды. Кеш Самат Түгелбайұлының оқушыларға берген бастасымен аяқталды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|