Өнер факультеті |
02.05.2025
Болашақ педагогтердің инновациялық әрекетін дамыту: Гази университетімен халықаралық ынтымақтастық аясындағы іс-сапар 2025 жылдың 21-29 сәуір аралығында ҚР ҒЖБМ 2024/2026 ж.ж. гранттық қаржыландыру конкурсы бойынша мақұлданған AP22685979 «Білім беру жүйесіндегі цифрлық трансформация жағдайында болашақ педагогтердің инновациялық әрекетін дамыту» атты ғылыми жобаның күнтізбелік жоспарын жүзеге асыру мақсатында жоба жетекшісі Стамбекова Жазира Курмангалиевна жоба тақырыбы бойынша ғылыми-әдіснамалық және озық тәжірибелер мен білім беру жүйесіндегі цифрлық трансформация жағдайында болашақ педагогтердің инновациялық әрекетін дамытудың түрлі факторлары мен тетіктерін жан-жақты талқылау үшін Туркия елі, Анкара қаласына Гази университетінде (Gazi University) іс-сапарда болды.
Мақсаты - білім беру жүйесінде цифрлық трансформация үдерісін ескере отырып, болашақ педагогтардың инновациялық құзыреттілігін қалыптастыру жолдарын зерттеу, халықаралық тәжірибемен танысу және жоба аясындағы зерттеу жұмысының ғылыми негізін тереңдету болды. Іс-сапар барысында Гази университеті Педагогика факультетінің профессоры, білім беру саласындағы танымал зерттеуші Южел Гюлешлимен сұхбаттасу кезінде ғалым, болашақ педагогтерді дайындайтын оқу бағдарламаларын цифрлық трансформация талабына сәйкес жаңғыртудың қажеттілігіне назар аударды. Оқу мазмұнын цифрлық құзыреттілікті, педагогикалық инноватика негіздерін және тәжірибелік цифрлық жобаларды біріктіру арқылы жетілдіру керектігін ұсынды.
Профессор болашақ педагогтердің цифрлық құзыреттілігін бағалау үшін диагностикалық бақылау, цифрлық платформаларды қолдану арқылы жүргізілетін сабақтарды бақылау және білім алушылардың цифрлық белсенділігін өлшеу әдістерін қолдану жөнінде ұсыныстар берілді. Цифрлық трансформация жағдайында педагогтарды даярлау мәселесіне ғылыми тұрғыдан қарауға, заманауи білім беру үдерісіндегі өзгерістерді дұрыс түсінуге және зерттеу бағытымызды халықаралық тәжірибемен байытуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, профессор ұсынған ғылыми-тәжірибелік идеялар зерттеу жұмысымның мазмұнын нақтылауға, әрі болашақ ғылыми мақалалар мен жобаларға негіз бола алады.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|