Өнер факультеті |
30.06.2025
Абай университетінде Өнер факультетінің 145 түлегі үлкен өмірге жолдама алды 2025 жылғы 28 маусымда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Өнер факультетінің түлектеріне диплом табыстау салтанаты өтті. Мерекелік жиынға Абай университетінің стратегия және интернационалдандыру жөніндегі проректоры Айгүл Искакова, Өнер факультетінің деканы Кәрім Байқұтов, профессор-оқытушылар құрамы, түлектер, ата-аналар мен құрметті қонақтар қатысты.
Биыл Өнер факультетінің 145 білім алушысы бакалавр дәрежесін алып, университет қабырғасынан түлеп ұшты.
Салтанатты кеш барысында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Абай университетінің Басқарма төрағасы - ректоры Болат Тілептің түлектерге арналған бейнеқұттықтауы көрсетілді. Қос лауазымды тұлға өз құттықтауларында жас мамандарға жүрекжарды тілектерін білдіріп, сәттілік тіледі.
Жиында оқу озаттары мен қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытқан бірқатар түлек ректордың Алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар, әрбір бітірушіге естелік ретінде ректор атынан Абай Құнанбаевтың «Қара сөздер» жинағы сыйға тартылды.
Айта кетейік, биыл Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін 4 239 студент тәмамдап отыр.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|