қазақша · русский · english
 
 
 
23.04.2018

Жас оқытушылар арасындағы халықаралық байқау


2018 жылдың 19-20 сәуір аралығында Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университетінде ЖОО-дың жас оқытушылары арасындағы «Педагогикалық бастама» халықаралық байқауының финалы өтті.

 

Жас оқытушылар арасында халықаралық байқау екінші рет өтті. ІІ байқаудың негізін қалаушылар: Еуразиялық педагогикалық университеттер қауымдастығы (ЕПУҚ), Педагогикалық университеттер мен институттарды дамыту ассоциациясы (ПУИДА) және Қосымша кәсіби педагогикалық білім беру ұйымдарының ұлттық қауымдастығы (ҚКПБҰҰҚ) болды. Конкурстың ортақ құрылтайшылары Ресей Федерациясының Білім және ғылым министрлігі, Бүкілресейлік білім беру одағы, Университеттердің Еуразиялық қауымдастығы, Педагогикалық газеттің редакциясы болды.

 

Байқау ТМД елдерінің жоғары оқу орындарының халықаралық ынтымақтастықты педагогикалық білім беру саласында нығайтуға, ғылыми және шығармашылық әлеуетті дамытуға, өз мүмкіндіктерін және Достастық кеңістігінде жас оқытушылар құрамының одан әрі кәсіби өсуін қамтамасыз ету үшін қосымша мүмкіндіктер беру мақсатында өткізілді.

 

Бірінші байқауда ТМД және Ресейден келген 100-ден астам жас мұғалімдер қатысты.

 

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің гуманитарлық ынтымақтастығының мемлекетаралық қорының қолдауымен Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университетінің базасын негізінде Мәскеу қаласындағы өткен байқаудың финалына қатысушылар ретінде ТМД және Ресейдің 15 үздік жас оқытушылары шақырылды.

 

Өнер, мәдениет және спорт институт директорының академиялық ұтқырлық және ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Аман Ибрагимов - корреспонденттік кезеңнің жеңімпазы және II Халықаралық «Педагогикалық бастаманың» жас мұғалімдерінің байқауының лауреаты атанды.

 

Жалпы алғанда, педагогикалық жоғары оқу орындарын білім және ғылым саласындағы одан әрі ықпалдастыруға, халықаралық байқаудың финалының қатысушылары өздерінің пікірлерінде айтылғандай Достастық кеңістігінде мәдениетаралық диалогты дамытуға ықпал етті.

 

         

 

         

 

           

 

 




Кері оралу