қазақша · русский · english
 
 
 
19.12.2018

Ерсұлтан Жорабек - белбеу күресінен әлем чемпионатының жеңімпазы


2018 жылдың 15-17 желтоқсан аралығында Татарстан Республикасында (Қазан қ.) белбеу күресінен жастар арасында әлем чемпионаты өтті.


Қазақстан құрамасынан қатысқан барлық балуандар жеңіс тұғырынан көрініп, ел намысын абыроймен қорғады. Ел қоржынында 1 алтын, 2 күміс, 12 қола медаль бар. Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсеткен Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 1 курс студенті Жорабек Ерсұлтан +95 кг салмақта белдесіп қола медальға ие болды.

 

   




Кері оралу