қазақша · русский · english
 
 
 
18.06.2019

Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері «Тоғызқұмалақ-2019» универсиадасында 3-ші орынды иеленді

 

2019 жылдың 6-10 маусымы аралығында Ақтөбе қаласында М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінде студенттер арасында тоғызқұмалақтан Республикалық жазғы универсиада ойындары өтті.

 

Жарыстың мақсаты: студенттерді достыққа, салуатты өмір салтын насихаттауға және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.


Жарысқа барлығы 16 команда қатысты. Біздің Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студенттері жақсы нәтиже көрсетіп, командалық есепте 3-ші орынды иеленді.

 

  alt=  

 

  




Кері оралу