қазақша · русский · english
 
 
 
03.07.2019

«Ұрпақтар сабақтастығы» Республикалық жас суретшілер байқауы өтті


2019 жылдың 1 шілдесінде Талдықорған қаласында ҚР еңбек сіңірген қайраткері Абай Бейсембетовті еске алуға арналған жас суретшілер сайысы өтті. Ол 15 жыл бойы ҚР Суретшілер одағының Алматы облыстық филиалын басқарған талантты суретші болатын.


Абай Бейсембетовті еске алуға арналған өнер байқауына еліміздің көптеген жас суретшілері және Абай атындағы ҚазҰПУ Өнер, мәдениет және спорт институты «Көркем білім» кафедрасының 1-4 курсының өнерлі студенттері қатысты.


Оларды оқытушы Базар Ырыстанұлы алып келді. Көрме қонақтары ҚР Суретшілер одағының төрағасы Өмірбек Жұбанязов, Алматы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Әлия Жақыпбекова құттықтау сөз сөйледі. ҚР Суретшілер одағы Алматы облыстық филиалының төрағасы Ермұхан Жүнісхан байқаудың қортындысын жариялады. Университетіміздің студенті Ақтолқын Нұрдәулет «Үздік композиция» номинациясы бойынша жүлделі орынға ие болып дипломмен марапатталды. Студент Дариға Касеноваға сертификат және арнайы сыйлықтар табыс етілді. Жас суретшілердің жетекшісі Базар Ырыстанұлы арнайы алғыс хатпен марапатталды.

 

   

 

   

 

   

 

Көркем білім беру кафедрасы




Кері оралу