Белгілі кинорежиссермен шеберлік сағат
2019 ж. 3 қарашасында Музыкалық білім және хореография кафедрасында «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша білім алған New York Film Academy (NYFA) түлегі, Халықаралық бірнеше кинофестивальдердің лауреаты, кинорежиссер Диас Әзімжановтың «Театр және кино тарихы» пәні шеңберінде 6В11102 «Тынығу» оқу бағдарламасының 1-курс студенттеріне арналған шеберлік сағаты (Workshop) өтті.
Work shop барысында Халықаралық кинофестивальдерде әртүрлі жүлделерге ие болған «Ultio» к/ф және «Interius» к/ф көрсетілді. Қонақ өзінің фильмдерін түсіру барысы қалай болғанын айта келе, кинематография техникасы, драматургияны құру және актерлік-режиссерлік міндеттерді жүзеге асыру туралы интерактивті дәріс өткізді. Белгілі кинорежиссермен қарым-қатынас барысында студенттердің қызығушылықтары оянып, сан алуан сұрақтар қойылды.

