қазақша · русский · english
 
 
 
11.05.2020

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-вебинар

 

2020 жылы 6 мамырда Қазақстан және Қырғызстан ғалымдарының қатысуымен «Екінші Дүниежүзілік соғыс және жады» тақырыбында Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-вебинар өтті.

 

Ғылыми-вебинарда Қырғыстан Республикасынан - Эльмира Ногойбаева, тарихшылар мен зерттеушілер Гулзада Абдалиева, Гүлжамал Есеналиева (Нарын), Моймол Жүсіпова (Талас), Гүлжамал Токтогулова (Джалал - Абад), Эльмира Абдрасулова (Бішкек), Венера және Ырыс Жумалиевалар (Бішкек) және Қазақстан Республикасынан - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тарих және құқық институты ғалымдары профессор Г. Нұрымбетова, аға оқытушы Е. Жалмағанбетов, PhD докторанттары И. Крупко, Б. Қалиева, магистр М. Бердіқұл қатысты. Сонымен қатар, академик Т.С.Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедрасының доценті Теңлік Далаева «ҰОС-ы мектеп оқулықтары беттерінде: Қазақстанның саяси жадында іске асыру» тақырыбында баяндама жасады.

 

Шара барысында Қазақстан мен Қырғызстан ғалымдары Ұлы Отан соғысының маңыздылығы мен мәселелері жөнінде өзара пікір таластырып, ой қозғады.

 

Халықаралық ғылыми вебинар қорытындысын Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 75 жыл толып отырған бұл мерекенің өзектілігіне және жыл өткен сайын Отан үшін болған соғыстың тарихи маңыздылығына тоқталып, «Ұрпақтар есінде Ұлы Жеңіс» - деген ұранмен аяқтады.

 

   

 

   

 

 




Кері оралу