қазақша · русский · english
 
 
 
09.10.2020

Студенттік «Tarihqa Sayhat» ҒЗЖ - club-тың ашық отырысы

 

2020 жылдың 8 қазанында Тарих және құқық институтының ZOOM платформасында «Tariqha Sayhat» студенттік ҒЗЖ - club-тың ашық отырысы өтті. Бұл отырысқа «Тарих» мамандығының бірінші курс студенттері, клуб мүшелері, жоғары курс студенттері шақырылды.

 

Клуб жетекшісі, 4-курс студенті Умирниса Каримбаева клубтың 2019/2020 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмысы туралы баяндады. Кездесуде т.ғ.к. Тілеубаев Шамек Баянұлы «Айтылған тарих» ғылыми-зерттеу орталығының зерттеу тақырыптары туралы ақпаратпен бөлісті. Клубтың ғылыми жетекшісі, т.ғ.к. Далаева Тенлик Тоқтарбековна алдағы 2020/2021 оқу жылына арналған жұмыс жоспарымен таныстырды, клуб координаторы, PhD доктор Светлана Белоус цифрлық форматтағы жаңа жұмыс түрлерін ұсынды. Алдағы оқу жылында жад мәселелерін және «Айтылған тарих» (ауызша тарих) әдістерін тарихи зерттеудің ағымдағы бағыттарын талқылау жоспарланған, екінші жартыжылдықта түлектердің дипломдық жобаларының нәтижелерін алдын-ала тексеруге арналған клубтық алаң ұсынылады.

 

   

 

   

 

 




Кері оралу