қазақша · русский · english
 
 
 
15.02.2021

«Мен және менің мамандығым» тақырыбындағы тәрбиелік кездесу

 

2021 жылдың 12 ақпанында Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық институтының саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының оқытушылары Жанұлан Тойболдин мен Али Агибаев «Мен және менің мамандығым» тақырыбында тәрбиелік кездесу өткізді. Онлайн-кездесуге кафедра эдвайзерлері мен «Дінтану» мамандығының студенттері қатысты.


Кездесу барысында дінтану мамандығының өзектілігі, болашақ дінтанушының портреті тақырыптары қарастырылды. Дінтанушы мен дін қызметкерінің айырмашылығы, ғылыми тұрғыдан зерттеу мәселелері талқыланды. Студенттер қызығушылық танытып, көптеген сұрақтар қойды. Сонымен қатар, онлайн-кездесу соңында теріс ағым мүшесінің психологиялық портреті мәселесі де көтеріліп, қызықты пікірлер айтылды.

 

   

 

   




Кері оралу