қазақша · русский · english
 
 
 
25.03.2021

«Берекелі Әз-Наурыз» тәрбиелік сағаты


2021 жылдың 20 наурызында Тарих және құқық институты философия және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының аға оқытушысы 1 курс, 102-топтың эдвайзері Гүлнара Рахимованың ұйымдастыруымен «Берекелі әз-Наурыз» тәлімдік-тәрбиелік сағаты өтті.


Шара барысында эдвайзер Г.Рахимова кіріспе сөз сөйлеп, ары қарай шараны топтың белсенді студенттері Калкузұлы Азамат пен Қолғанатова Зарина жалғастырды. Сондай-ақ, Бекайдар Нұркелді Наурыз мерекесінің пайда болуы мен Қазақстанда тойлануы жөніндегі тарихи ақпараттарпен бөлісті. Студенттер Шакенов Батырхан мен Бегайдар Нұркелді Наурыз жайындағы тың деректерімен бөлісті. Студенттер оқытушыларды Наурыз мерекесімен құттықтап әндер айтып, күйлер шертілді.


Іс-шара соңында профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер шарадан алған әсерлерін белсенді түрде бөлісті.

 

   

 

   

 




Кері оралу