қазақша · русский · english
 
 
 
07.04.2021

«Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық тағылымы» вебинары

 


2021 жылдың 7 сәуірінде Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының оқытушысы Аманжал Мейрманов ұйымдастырған «Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық тағылымы» танымдық-тәрбиелік вебинары Ұлы ұстаздың 180 жылдық мерейтойына орайлас өтті. Вебинарда қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ы. Алтынсариннің өмір сүрген және қызмет жасаған кезеңдегі қоғамдық саяси жағдай, оның ағартушылық тағылымының және педагогтық қызметінің өзіндік ерекшелігі және ағарту ісіндегі басты ұстанымдары жайлы жан-жақты баяндалды.

 

Вебинарға студенттер, магистранттар мен докторанттар, оқытушылар және басқа қызығушы тыңдармандар қатысып, пікір алмасты.

 




Кері оралу