қазақша · русский · english
 
 
 
21.04.2021

«Scopus, WOZ» базасына енетін халықаралық журналдарда ғылыми жұмысты жариялау әдістері» вебинары


«Ғылым айы - 2021» жоспары аясында Ғылым департаменті мен Тарих және құқық институтының ұйымдастыруымен 2021 жылдың 20 сәуірі күні ZOOM платформасында университетіміздің магистранттары мен докторанттарына және жас ғалымдарына арналған «Scopus, WOZ» базасына енетін халықаралық журналдарындағы ғылыми мақалалар жариялауға қатысты ғылыми вебинар өткізілді.

 

Вебинарды ғылыми жұмыс және цифрландыру жөніндегі проректор Саябек Сахиев ашып, вебинар мақсатымен таныстырды. Сонымен қатар, университетіміздің жас ғалымдарының ғылыми жетістіктері жөнінде ақпарат берді.

 

 

Вебинар спикерлері - «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі Ермек Бөрібаев мен зерттеуші-профессор Жанна Хамзина ғылыми жұмысты дайындау барысындағы төмендегідей өзекті мәселелермен бөлісті:

1. Жарияланым үшін қандай қолжазба қолайлы?

2. Мақала құрылымы;

3. Дұрыс тұжырымдарды пайдалану жөнінде өте қызық, әрі өзекті мәселелерді ортаға салды.

 

Вебинар барысында профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар мен магистранттар тақырыпқа қатысты өз сұрақтары мен ұсыныс-тілектерін ортаға салып, пікір-талас ұйымдастырды.


Спикер вебинар қатысушыларының өтініші бойынша, барлық ниет білдірушілерге ғылыми жұмысты дайындау кезінде пайдалануға вебинар материалдарын ұсынды.

 

Вебинарға ғылыми жұмыс және цифрландыру жөніндегі проректор Саябек Сахиев, ғылым департаментінің өкілі, институттың профессор-оқытушылар құрамы, 70-тей докторанттар мен магистранттар және тақырыпқа қызығушылық танытқан 50-ге жуық ізденуші-ғалымдар қатысты.

 

   

 

   

 

   

 




Кері оралу