қазақша · русский · english
 
 
 
28.04.2021

Тарих және құқық институты студенттеріне арналған оқырмандар клубы


2021 жылғы 28 сәуірде Тарих және құқық институтының «Ғылым декадасы - 2021» іс-шаралары аясында Әлем тарихы кафедрасының меңгерушісі Асымова Дария, кафедраның жас ұстаздары Мамырбаев Дидар мен Әбдіхалық Теміржан «Тарих және құқық институты студенттері үшін оқырман клубының» салтанатты ашылуын ұйымдастырды. Іс-шараның негізгі мақсаты оқырман клубын құру, жастарды кітап оқуға ынталандыру, сонымен бірге жас ұрпақтың шығармашылық ойлау қабілетін дамыту болып табылады.


Іс-шара шараға институттың профессор-оқытушылар құрамы және 1,2,3-ші курс студенттері қатысты. Кафедра меңгерушісі Асымова Дария құттықтау сөз сөйлеп, оқырмандар клубын салтанатты ашты. Аталған іс-шара барысында институтымыздың студенттері өздеріне ұнайтын оқыған кітаптарымен бізді таныстыра отырып, ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, студенттер мен оқытушылар арасында туындаған сұрақтарға жауап берілді. Кафедрамыздың оқытушылары Шорманова Айнұр мен Дайрабаева Айжан қатысушы студенттерге қызықты сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісіп отырды.


Шара соңында студенттер мен оқытушылар тарапынан алдағы уақытта ұсыныстар кезеңінде болды. Қатысушы студенттер мен институт оқытушылары іс-шараны ұйыдастырушыларға өз алғыстарын айтып, ізгі ниеттерін білдірді.

 

  

 

   




Кері оралу