қазақша · русский · english
 
 
 
20.10.2021

Ашық есік күні аясында Талдықорған қаласы мектептерінің оқушыларымен кездесу

 

2021 жылғы 18 қазанда Тарих және құқық институтында Талдықорған қаласынан келген 11 сынып оқушыларының қатысуымен «Ашық есік күні» өткізілді. Тарих және құқық институтының директоры Әділ Жүнүсов іс-шараның ашылуында құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Дария Асымова институттың тарихы туралы мәліметтер берді. Директордың ғылыми істер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары Мұхтар Мұратказин Абай атындағы ҚазҰПУ-да жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Абай сыйы-2021» республикалық пәндік олимпиадасының ережесі бойынша ақпаратты, сондай-ақ Тарих және құқық институты директорының тәрбие істері жөніндегі орынбасары Нұрболат Манапбаев институттағы студенттерге арналған үйірмелер, клубтар мен оқуға берілетін жеңілдіктері бойынша жан-жақты ақпарат берді.

 

Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі Симтиков Жомарт, құқықтану кафедрасының меңгерушісі Көшпенбетов Бақтығали мектеп оқушыларын кафедрадағы білім беру бағдарламаларымен таныстырды. Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Бауыржан Жангуттин мен әлем тарихы кафедрасының меңгерушісі Рүстем Кәмшат ҰБТ тестілеуінің Қазақстан тарихы мен әлем тарихы пәндері бойынша сұраққа дайындалу принциптері, сонымен қатар кафедрадағы білім беру бағдарламаларына оқуға түсуге арналған пайдалы кеңестер мен ақпарат туралы айтып өтті. Іс-шара барысында Тарих және құқық институты туралы видеоролик көрсетілді.

 

   

 

   




Кері оралу