қазақша · русский · english
 
 
 
29.11.2021

«Үздік түлектер» танымдық кездесу сағаттары басталды

 

2021 жылдың 26 қарашасында Тарих және құқық институтының Әлем тарихы кафедрасының жылдық жоспарының аясында кафедра оқытушылары ұйымдастырған «Үздік түлектер» танымдық кездесу сағаты өтті.

 

Онлайн форматта өткен кездесудің басты мақсаты институттың білім алушылары университет қабырғасында жоғарғы білімін алып, түлеп ұшқан өмірлерінде өз орнын анықтап, түрлі салада өз биігіне көтерілген институт түлектерімен білім алушы студенттермен кездестіру, пікір алмасу, бағыт көрсету болмақ.

 

 Кездесуге 2000-2004 жылдар аралығында Тарих факультеті, Әлем тарихы мамандығы бойынша қазақ бөлімінде оқыған, осы күндері Польша Республикасында Варшава университетінің Саяси ғылымдар және халықаралық қатынастар факультетінің докторантурасында білімін жалғастырып жатқан тарих ғылымдарының магистрі Жандос Каринбаев, және сол жылдары оқып, Әлем тарихы мамандығы бойынша орыс бөлімін тәмамдаған, қазіргі таңда ALSI компаниясының Бас директоры қызметінде еңбек етіп жүрген Даурен Хамзиндер қатысты.

 

Кездесуді жүргізген модератор, университетіміздің «Рухани жаңғыру» Орталығының жетекшісі, кафедрамыздың оқытушысы, әлеуметтік ғылымдар магистрі Мақсат Жақауов келген қонақтарды таныстырып, олардың өмір жолдарынан ақпарат бөлісуді, білім ордасында оқыған жылдары мен студенттік шақтан есте қалған әртүрлі қызықты мәліметтерден хабардар етуді, кәсіби мансаптық өмірлерінен табысты жолдарынан, ақыл-кеңестерімен тәжірибе алмасып отыруға арнайы сауалдарды қойып жүргізді.

 

Кездесу барысында қатысушы студенттер мен институт оқытушылары тарапынан өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, келген қонақтармен ізгі-тілектерімен алмасып отырды. Бір сағатқа жоспарланған институтымыздың үздік түлектерімен кездесу өз дәрежесінде мазмұнды әрі танымдық бағытта өрбіді.

 

«Үздік түлектер» танымдық кездесу сағаты аясында алдағы уақытта да институт қабырғасында білім алып, түлеп ұшқан үздік түлектермен кездесулерін Әлем кафедрасының жылдық жоспарына сәйкес өткізе береді.

 

   




Кері оралу